Спорт

Енді республикалық додаға дайындалмақ

Өскеменде оқушыларды денешынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартуды мақсат еткен «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі мәресіне жетті.

Тура бес күнге созылған жарысқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысып, бірнеше спорт түрінен шеберлік байқасты.

Атап айтсақ, оқушылар баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық сынды спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан Алтай, Глубокое, Ұлан, Самар, Тарбағатай аудандары мен Өскемен қаласының командалары көріне білді. Әсіресе Алтай мен Самар аудандарынан келген командалардың, сондай-ақ өскемендік оқушылардың жетістіктерін ерекше атап өткен орынды. Бұл аудан-қалалардың атынан сынға түскен командалардың еншісінде бес жүлдеден бар. Ал Глубокое, Тарбағатай мен Ұлан аудандары ұжымдарының әрқайсысы төрт медальға қол жеткізді.

Енді облыстық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен командалар республикалық жарысқа дайындалатын болады.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button