Жаңалықтар

Ең көп сатылған көлік қайсы?

Биыл ең танымал автокөлік брендтерінің ондығына қытайлық бес марка енді.

Жыл басынан бері ел тұрғындары көбіне Chevrolet және Hyundai маркалы көліктерді сатып алады, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

Finprom деректеріне сүйенсек, елімізде жаңа автокөліктердің ең танымал брендтерін отандық Chevrolet және Hyundai зауыттары шығарады, олардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан көбіне тең: Chevrolet – 17,6 мың және Hyundai – 17,4 мың автомобиль. Қазақстанда құрастырылған брендтің сатылымы бойынша алғашқы үштікті Kia маркалы көлік (бес айда 9,9 мың) аяқтап тұр.

Биыл ең танымал брендтердің ондығына қытайлық бес марка енді – Chery (3,4 мың), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сондай-ақ сатылым басында Toyota (3,2 мың автокөлік) мен Lexus (1,4 мың) бар.

– Қазақстанда көлік сатып алуға қатысты жағдай бүкіл әлемге қарағанда жақсырақ. Биылғы қаңтар-мамыр айларында 66,3 мың жаңа автокөлік сатылды. Бұл 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 65,8 пайызға артық, – делінген мәліметте.

Сонымен қатар екінші ай қатарынан рекордтық ай сайынғы сатылымдар тіркелді. Биыл мамыр айында 14,7 мың жаңа көлік сатылды.

Осы айдарда

Back to top button