Спорт

Елтайдан шыққан Нартай

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданының Елтай ауылынан шыққан жерлесіміз Нартай Тұрлыбекұлы Риддер қаласында шаңғы спортынан өткен Қазақстан чемпионатында 10 шақырым қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмады. Жерлесіміз додаға қатысушылардың барлығын артқа тастап, жарыс чемпионы атанды. Осылайша, ол еліміздің спорт шебері атағын қорғай білді.

Аудан орталығынан жырақта жатқан Елтай ауылының тумасы Нартай Тұрлыбекұлы – кейінгі жылдары шаңғы спортынан тәп-тәуір нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан жас өрен. Бұл ең алдымен оның еңбекқорлығы мен табандылығының арқасы деуге болады. Өзінің жоғары нәтижелерінің арқасында Нартай былтыр шаңғы спортынан ұлттық құрама бапкерлерінің назарына ілігіп, еліміздің бас командасына шақырту алды.

– Жалпы, Тарбағатайдың күнгейіне орналасқан Үржар ауданы – елімізге танымал бір топ шаңғышыны берген өңір, – дейді танымал спортшы, шаңғышы Серікхан Алтынбеков. – Ауданымыздан шыққан жас талант Нартайды осынау үлкен жеңісімен Үржар халқының атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button