Экономика

Елімізде ерекше үйлер салына бастайды

Елімізде ерекше үйлер салына бастайдыАлматыда «Еуразия глобал инвестмент» компаниясының жобасы аясында жылу мен электр қуатын үнемдеуге негізделген, 9 балдық жер сілкінісіне төзімді ерекше тұрғын үйлер салына бастады.

«Elevit Systems» технологиясымен салынған үйлердің алғашқылары былтыр Астанада бой көтерсе, биыл Алматыда тұрғызыла бастайды. Содан кейін еліміздің өзге өңірлеріне де жеткізіледі.

Құрылысқа қажетті материалдар Болгариядан әкелінген, экологиялық жағынан өте таза. Бұл баспаналардың басты ерекшелігі, іштегі жылу сыртқа шықпайды, сырттан суық кірмейді. Сол секілді термонасостарды қолданып, жерден жылу алуға болады. Бағасы да қолжетімді. Бір шаршы метрі 1200 долларды құ-райды. Қызығушылық танытқандар сәулет жобасы мен өлшемін өздері ұсынып, тапсырыс бере алады. Небары 22 күнде тұрғызылатын бұл үй еліміздің және шетел мамандарының қатысуымен салынған.

– Үйлердің жылу энергиясын үнемдеу коэффициенті жоғары. Жы-лу жүйесінің коэффициенті, яғни, ламдамыз 00,28-ді көрсетіп тұр. Ол өте жақсы, – дейді бас инженер Мақсат Батырбеков.

Осы айдарда

Back to top button