Оқиғалар
Елік атқаны үшін жауапқа тартылады
Күршім ауданының полиция қызметкерлері елікті заңсыз аулаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары қарақшының үйінен еліктің жіліктеп, бұзылған етін және 16 калибрлі тегіс оқпанды қару тапқан. Егер ұсталған адамның айыбы анықталған жағдайда оған 500 АЕК (865 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе төрттен алты айға дейін қамауға алынады.
Қазір күдіктінің үстінен тергеушілер Қылмыстық кодекстің 288-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, жүргізуде.
Шығыс-Ақпарат