Сайлау-2023

Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды

Қазақстанның 15 өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру жалғасуда. Бұл өңірлерде сайлау учаскелері елорда уақытымен сағат 21-00-де жабылады.

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда 6,5 млн азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты. Оның атап өтуінше, Астана уақытымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы дауыс беру нәтижесі – 64,15%.

«Елі бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды», – деді Мұхтар Ерман.

ОСК азаматтардың сайлау учаскелеріне келуі туралы соңғы ақпаратты елорда уақытымен сағат 22:10-да ұсынады.

Осы айдарда

Back to top button