Жаңалықтар

Еліміздегі тұрмысы төмен халық көп тұратын өңір аталды

Қазақстанда 2023 жылғы екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың саны бірінші тоқсанмен салыстырғанда 4,8 пайыздан 5,1 пайызға өсті.

Мұндай дерекмемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында берілген, деп хабарлайды Didar ақпарат  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрмысы төмен адамдардың ең көп саны Түркістан облысында (9,7 пайыз), ең азы Астанада (2,5 пайыз) тұрады.

Фото: gov.kz

“Кедейлікке үй шаруашылығының мөлшері айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, бес және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылдың екінші тоқсанында 9,2 пайыз болды, бұл жалпы кедейлік деңгейінен екі есе жоғары”, – делінген хабарламада.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button