Жаңалықтар

Еліміздегі ақылы жолдардың тарифі өзгереді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді.

Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі, деп хабарлайды Didar ақпарат Zakon.kz –ке сілтеме жасап.

Жалпы алғанда ел аумағындағы 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.

“Астана – Щучинск”, “Астана – Теміртау”, “Тараз – Қайнар” және “Қонаев – Талдықорған” тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ.

“Алматы – Қорғас” бағытындағы жолға 359,

“Астана – Павлодар” бағытына 456 және “Шымкент – Қызылорда” тас жолына 527 теңге деп бекітілді.

Ал “Щучинск – Көкшетау”, “Алматы – Қонаев”, “Шымкент – Тараз” және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button