Жаңалықтар
Елімізде пәтер жалдаудың бағасы қандай?
![](https://didar-gazeti.kz/wp-content/uploads/2023/10/shygvnpkug-780x470.jpeg)
Елімізде пәтерді жалға беру құны 8 қалада арзандады.
Сарапшылар бағаның құлдырауы күздің басында байқалды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Ал Өскемен, Павлодар, Орал қалаларында керісінше үй жалдау құны айтарлықтай көтерілген. Бағаның күрт өсуі шілде-тамыз айларында сезілген.
Ал ең қымбат қала – Алматы болып тұр. Онда орташа алғанда әр шаршы метр 6 мың теңгеден есептеледі.
Ең арзан баға Ақтауда тіркелген. Шаршы метріне 2 мың 632 теңге алады.
Ынтымақ Толқын