Ауыл шаруашылығыЖаңалықтар
Елімізде мал басының өсімі артқан
Қазақстанда төрт түліктің саны өсіп келеді.
Оны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, биылғы 1 тамызда мүйізді ірі қара саны 2,7%-ға артып, 9,68 млн басты құраған. Ал жылқы 7,7%-ға өсіп, 4,2 млн болған. Сонымен қатар қойдың саны 3,6%-ға өсіп, 23 млн басқа дейін жеткен.
Ал құс басы 0,3%-ға кеміп, 49,6 млн басқа дейін азайған, ешкі 3,9%-ға кеміп, 2,6 млн басқа дейін, шошқа саны 2,7%-ға азайып, 818,3 мың басқа дейін кеміген.
Ынтымақ Толқын