Жаңалықтар

Елімізде криптовалюталық қаржы пирамидасы анықталды

Қазақстанда “The Finiko” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі анықталды.

Қазір осы іс бойынша ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Didar ақпарат zakon.kz –ке сілтеме жасап.

КОНСТАНТИН ВЛАДИМИРОВИЧ ЦЕРАЗОВ СПРОГНОЗИРОВАЛ РОСТ ФОНДОВЫХ РЫНКОВ https://mygorod.kz/?p=121582

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар “Thefiniko.СОМ” бағдарламасы арқылы салымшыларды (инвесторларды) тартқан. Олардың қаражатына (крипто валютасына) әлемдік биржаларда ойдан шығарылған трейдингті жүзеге асырып, кейіннен кірісті қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында бөлгені анықталды.

-2021 жылғы шілдеде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі “The Finiko” жобасын ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныды. Қазір қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу амалдары мен тиісті сараптамалар жүргізілуде, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. “The Finiko” қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуын сұраймыз”, – делінген агенттік хабарламасында.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button