ЖаңалықтарРеспублика

Елімізде халқы азайып кеткен ауылдар қалыпқа келтірілмек

Қазақстанда тұрғындар саны азайып кеткен ауылдар қайтадан қалыпқа келтірілуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Министр тірек елді мекен санатына жатпайтын ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұратынын жеткізді, деп хабарлайды Didar ақпарат Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Ауыл халқының 10 пайызынан аз бөлігі тұратын 2,8 мың ауыл спутниктік немесе тірек елді мекен санатына жатпайды. Бұл ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұрып жатыр, – деді Әлібек Қуантыров.

Айтуынша, тұрғындар саны айтарлықтай азайған ауылдардағы ахуал қиындау екен.

– Ал кейбір ауылдарды қалпына келтіріп, қолдау жасалады. Бұл тұрғыда осы ауылдардың болашағы өңірлерде жүргізілген саясатқа қатысты болады, – дейді министр.

Осы айдарда

Back to top button