ӘлемЖаңалықтар

Елімізде бірқатар бағыттар бойынша тұрақты рейстер ашылады

Қазақстанда бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

Астана-Уфа және Алматы-Сочи бағыттары бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан, Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады.

ҚР ИИДМ баспаөз қызметінің ақпараты бойынша, жолаушылар рейстерін “Азимут” әуе компаниясы бастайды. Тасымалдау “Sukhoi Superjet-95” типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Сондай-ақ “Red Wings” әуе компаниясы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау “Sukhoi Superjet-95” типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.

– Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады, – делінген баспасөз хабарламасында.

 

Осы айдарда

Back to top button