Білім

Елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау жүріп жатыр

Қазақстанда 1-сыныпқа құжаттар қабылданып жатыр. Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.

Бүгінгі таңда республика аумағында 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түскен, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің хабарлауынша, балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Қазір 1-сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Осы айдарда

Back to top button