Әлеумет

Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өседі

Бірінші шілдеден бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері көтеріледі.

29 маусымда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов 1 шілдеден бастап аталған жәрдемақылар 14,5% – ға артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 532,3 мың адамды құрайды, -деп атап өтті Төлеген Оспанқұлов.

Айта кетелік, 2022 жылы Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері инфляцияға байланысты екі есе өскен. 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер 5% — ға, 1 сәуірден бастап — тағы 4% – ға, ал ағымдағы жылы-8,5% – ға өсті.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button