Жаңалықтар
Әлеуметтік төлемдер 7 пайызға өседі
Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды.
Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін, -делінген қаулыда.
Айта кетелік, қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ынтымақ Толқын