Әлеумет

Әлеуметтік көмір жеткізу туралы меморандумға қол қойылды

Өскеменде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арзан бағамен көмір жеткізу туралы меморандум жасалды.

Үшжақты келісімге  Өскемен әкімдігі, “Қаражыра” АҚ және “ШҚО Ауғанстан мүгедек-ардагерлері” ҚБ қол қойды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жасалған меморандумның бойынша әлеуметтік көмірді ҰОС ардагерлері, өзге елдегі әскери қимылдардың ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,қандастар мен көп балалы аналар және басқа да әлеуметтік осал топ өкілдері ала алады.

Биыл аталмыш әлеуметтік көмір бес мыңдай отбасыға берілмек.

Айта кетелік, ағымдағы жылы арзандатылған көмірдің бағасы 13 500 теңге болса,  коммерциялық көмірдің құны 14 мың теңге.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button