Әлеуметтік көмір әлі де берілуде
Облыс орталығында әлеуметтік көмір алуға өтінім қабылдау жалғасуда.
Қала тұрғындары қатты отынды «Сейком» ЖШС мен «Отын компаниясы терминал» ЖШС-дан сатып ала алады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Әлеуметтік көмір бойынша 2023 жылға арналған Меморандумға ағымдағы жылдың 1 шілдесінде қол қойылған. Ал 3 шілдеден бастап әлеуметтік көмірді сату басталған.
26 қазандағы ақпарат бойынша, барлығы 163 111,5 тонна қатты отын сатылған. Атап айтсақ, «Сейком» ЖШС – 110 000 тонна, оның 86 379,3 тоннасы, яғни 78,5%-ын тұрғындар сатып алған. «Отын компаниясы терминал» ЖШС – 90 000 тонна, оның 76 732,2 тоннасы, яғни 85,3% сатылды.
Айта кетелік, биыл қала әкімдігі мен «Қаражыра» АҚ арасында 200 000 тоннаға келісімшарт жасалған болатын. Оның 148 мың тоннасы – тұрғындар үшін, қалған 52000 тонна – мекемелерге.
Ынтымақ Толқын