Спорт

Әлем чемпионатына қос мықтымыз барады

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITТF) алдағы Әлем чемпионатына екі бірдей қазақстандық жұптың қатысатынын хабарлады. Бұл туралы жаңалықпен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі бөлісті.

Дерек көзіне сенсек, жаһандық додаға Денис Жолудев пен Сағантай Құрмамбаев, сондай-ақ Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова жұптары жолдама алыпты. Бір қызығы, ерлер бәсекесіне қатысатын спортшының екеуі де (әңгіме Д.Жолудев пен С.Құрмамбаев жайында) біздің жерлес, Шығыс Қазақстан облысының тумалары екен.

Еске салайық, биылғы Әлем біріншілігі 20 мен 28 мамыр аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтуі тиіс.

Тағы бір айта кетер жайт, бұған дейін жаһандық додаға Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев пен Айдос Кенжеғұлов сынды отандастарымыз жолдама алып үлгерген.

Осы айдарда

Back to top button