Заң талабыКөлік қатынасы

Электросамокат туралы заң жобасы мақұлданды

Электросамокат жүргізу үшін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі керек.

Сенат депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Заңнамаға «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» және « Жол жүрісі туралы» екі заңға өзгерністер мен толықтырулар енгізу ұсынылған.

Сенатор Евгений Больгерт заңның негізгі мақсаты қалыптасқан құқықтық олқылықты жою және шағын электрокөліктердің, электросамокаттардың жұмысын заңнамалық  реттеуді енгізу екенін айтты.

-«Жол жүрісі туралы» заңда оның техникалық сипаттамалары мен пайдалану тәртібін құқықтық реттеу және жүргізушілер үшін тыйым салу тізбесін белгілей отырып, «шағын электр көлік» ұғымы енгізілді. Электросамокат шектік жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын көлік құралы ретінде танылып, оның жүру орындары белгіленді, -деді ол.

Заңнамаға сәйкес, электросамокаттың жүргізушілері велосипедке арналған жолдармен жүреді. Ондай жол болмаған жағдайда заңмен белгіленген шарттар мен тыйымдарды ескере отырып, жолдың оң жағымен жүруге рұқсат етіледі.

Айта кетелік, электросамокаттың жүргізушісі 18-ге толған, басында қорғаныш дуылғасы, жарық шағылыстыратын киім және кез келген санаттағы куәлігі болуы керек.

Ынтымақ Толқын

 

 

Осы айдарда

Back to top button