Руханият

Электронды жайнамаз ойлап тапты

Электронды жайнамаз ойлап тапты

Алматы қаласының тұрғыны Алханбай Сатыбалдыұлы намазды оқылу тәртібімен үйрететін электронды жайнамаз ойлап тапты.
– Әдеттегі жайнамаздардың ұзындығы көбінесе 110 сантиметр болады. Ал менің жайнамазым 140 сантиметр. Бұл өз кезегінде намаздың үркіндерін шариғатқа сай орындауға мүмкіндік береді. Яғни, намазхан сәждеге жығылып, рукуғқа тұрғандағы барлық қимылын қалыптасқан үлгіге сай физиологиялық тұрғыда денсаулыққа пайдалы етіп жасай алады. Арнаулы құрылғы орнатылған жайнамаздың көмегімен жаңадан намаз оқи бастаған намазхандар да құрылғыға ілесіп оқу арқылы намаз үркіндерін мұқият орындап үйренеді, – деген Алханбай Сатыбалдыұлы бұл өнер туындысы әсіресе зағип жандар үшін аса тиімді екенін айтады.
Жоба авторы электронды жайнамазды елдің ішкі нарығына ғана емес, әлемдегі бүкіл мұсылмандар үшін де қолжетімді болғанын қалайды.
Бүгінде электронды жайнамаздың он үш мыңнан аса данасы саудаға шығарылған. Бағасы да қолжетімді, 4500 теңге. Әзірге оның жер бетінде баламасы жоқ.

Е-islam.kz

Осы айдарда

Back to top button