Жаңалықтар

Электр энергиясының шекті тарифтері өзгереді

Энергетика министрлігінің 26 мамырдағы бұйрығымен электр энергиясына шекті тарифтер ұлғайды. Бұл туралы ШҚО табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлімдеді. 

Сумен жабдықтау, су бұру, электр энергиясын беру мекемелер үшін негізгі стратегиялық тауар болып табылады. Бүгінгі күні төрт базалық субъект инвестициялық бағдарламалардың өзгеруі, стратегиялық тауарлар құнының өсуі, ЖАО-дан алынған Жаңа объектілерді ұстауға арналған шығыстар және, статистика деректеріне сәйкес, өңірдегі орташа салалық деңгей бойынша қызметкерлердің жалақысының өзгеруі негізінде тарифтің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оны өзгертуге өтінім берді, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

Инвестициялық бағдарламалардың өзгеруіне байланысты тарифтің өзгеруі бойынша ағымдағы жылғы 12-14 маусымда мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, тыңдаулар өткізілген.

Жалпы, ведомствоның мәліметінше, барлық құрамдас бөліктерді (қосымша инвестициялар, жаңа объектілер, стратег) ескере отырып, тарифтердің мәлімдеген өсуі жылумен жабдықтау саласында – 36%, сумен жабдықтау саласында – 20% және су бұру саласында 21% құрайды.

Жұмагүл Жомартқызы департамент өз кезегінде тарифтерді өзгертуге арналған өтінімдердің жобаларын тарифтерді қалыптастыру және тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу қағидаларына сәйкес қарастыратынын айтты.

Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыс негізгі құралдардың тозуын, апаттық жағдайлардың санын азайтады және Өскемен қаласының коммуналдық қызметтерін көрсету сапасын арттырады деп күтілуде.

Бұдан басқа, осы “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың мұқтаж топтарын, оның ішінде тарифтердің болжамды өсуін ескере отырып, тұрғын үй көмегін көрсету тетігі арқылы қолдау көзделетін болады.

Жаңа тарифтер шілденің басынан бастап күшіне енеді.

Осы айдарда

Back to top button