Заң талабы
Елде заңсыз қалған шетелдіктер іздестірілуде – ШҚО
25 маусымға дейін ШҚО-да «Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасады.
Шара облыста заңсыз жүрген адамдарды анықтауға, ШҚО аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған, деп хабарлайды Didar ақпарат Altaynews сайтына сілтеме жасап.
Шара аясында полиция қызметкерлері транзиттік ағынды тексеру, шетелдіктер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету сынды міндеттерді атқарады.
Осыған байланысты полиция құрылыс нысандары, базарлар, асханалар мен кафелерді жіті тексермек.
Дерекке сүйенсек, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция департаменті облыстағы ахуал тұрақты бақыланатынын мәлім етті.