Мәдениет

Елбасының өмір жолы – баршаға өнеге

Елбасының өмір  жолы – баршаға өнеге

Өскемендегі «Эхо» кинотеатрында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ өмір жолын баяндайтын «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» атты жаңа фильмінің тұсауы кесілді. Төртінші желтоқсанда еліміздің кинотеатрларында көрсетілімге шығарылған фильмді облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер мен оқушылар тамашалады.

Елбасының өмір  жолы – баршаға өнеге

Көрермен қауым бұған дейін Тұңғыш Президентіміз жайында түсірілген «Балалық шағымның аспаны», «От-өзен» және «Теміртау» фильмдерін тамашалаған-ды. «Тығырықтан жол тапқан» атты толықметражды бұл көркем фильм – осы туындылардың заңды жалғасы. Фильм негізінен Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қарағанды металлургия партия комитетінің хатшысы партия комитетінің хатшысы болып сайланған кезі, үлкен саясатқа жаңа қадам басқан шағы болатын. Көрермен қауым жігерлі жастың азамат, қайраткер, тұлға ретінде қалай қалыптасқанының куәсі болады. Болашақ Мемлекет басшысының мінезіндегі өзгерістерді, ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды басты рөлді сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов та шеберлікпен бере білген екен.

Елбасының өмір  жолы – баршаға өнеге

Фильмнің көрерменнің жүрегіне жылы тиетін тұсы – болашақ Елбасының адами болмысын бейнелеген көріністер дер едік. Президенттің анасы Әлжан мен әкесі Әбіштің басынан өткен оқиғалар арқылы біз бүтіндей бір ұлттың талайлы тағдырын көргендей боламыз. Елбасы анасының бейнесін сомдаған Наталья Арынбасарованың рөлі де сондай шынайы шыққан. Президенттің ата-анаға, Отанға деген перзенттік махаббаты, жары мен балаларына деген сүйіспеншілік сезімі, досқа адалдығы көрермен жүрегіне нәзік бір сезімді ұялатқандай болады. Отыздан енді асқан Нұрсұлтан Әбішұлы айналасындағы адамдардың тағдырына бейжай қарай алмайды. Дәл Жаңа жыл алдындағы қарбалас шақта Кеңестер Одағындағы басты газет – «Правдаға» Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан металлургиясындағы ауыр жағдайды баяндаған мақаласы шығады. Шындық қашан да ащы. Осы мақалаға орай орталықтан арнайы тексеру комиссиясы келеді. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы алған бетінен таймайды. Өз пікірі мен көзқарасын табандылықпен қорғайды. Нәтижесінде, Теміртау қаласы өсіп, өркендей бастайды. Қаншама әлеуметтік нысандар мен ғимараттар пайдалануға беріледі. Металлургтердің жағдайы жақсарып, комбинат жұмысы өрге басады.

Елбасының өмір  жолы – баршаға өнеге

Міне, Елбасы жолы осындай… Қиындыққа мойымай, қарсы жүрген адам ғана жеңіске жетеді.
Мәдениет және спорт министрлiгiнiң тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсiрген бұл фильмнің режиссері – Рүстем Абдрашев. Картинаға отандық танымал актерлермен бірге, ресейлік Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Виктор Сухоруков сынды актерлер де тартылған. Сонымен қатар, эпизодтық рөлде 30 актер ойнап, көпшілік түсірілімге екі мыңға жуық адам шақырылған. Картина бастапқыда «Партком хатшысы» деп аталғанымен, түсірілімнің аяқталуына небәрі екі күн қалғанда фильмнің атауы өзгерген көрінеді.
Көрсетілім аяқталғаннан соң, сахнаға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Ахаев көтерілді.
– Бұл фильмнен әлі отызға ілікпеген жастар үлгі-өнеге, сабақ алуы тиіс. Өйткені, бұл – ұлы жеңімпаз туралы фильм. Біздің Президентіміздің қажымас қайраты талай ұрпаққа күш-жігер береді. Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің ұлы замандасымыз. Киноэпопея бізге оның осы дәрежеге қалай жеткенін баяндайды, – деді В.Ахаев.
– Бүгін біз тұңғыш Президентіміздің қалыптасу кезеңі туралы түсірілген тағы бір фильмді көрдік. Түсіру тобы Елбасымыздың бейнесін тек салиқалы саясаткер ретінде ғана емес, сенімді дос, жақсы отағасы ретінде де жарқырата көрсете білді, – деп өзінің әсерін көпшілікпен бөлісті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің студенті Юлия Миронова да.
Осы орайда біз фильмді тамашалаған аға ұрпақ өкілдерінен де сыр суыртпақтап, әңгімелескен болатынбыз.
– Фильмді тамашалап отырып, өткен өмір естелігі ойыма оралды. Елбасымыздың өмір жолы – баршаға үлгі. Мен де заманында парторг болған адаммын. Мұндағы көріністердің бәрі де таныс. Сол уақытта бәріміз де тәртіпке бағынып, уақытпен санаспай еңбек еттік қой, – дейді Ұлан ауданында талай жыл партия қызметінде болған Ербол Сәдуақасұлы.
Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик те сол заманның перзенті болғандықтан ба, бұл фильмнің өзіне қатты ұнағанын, кеңестік заманның шындығы, күнгейі мен көлеңкелі тұстары жақсы ашылғанын айтады.
– Ең бастысы, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ адами болмысы жанымды толқытты. Елбасымыз қазір де ең алдымен халықтың жағдайын ойлайды. Сол үшін де соңынан ерген халық оны жақсы көреді, – дейді Л.Шик.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button