Білім

Елбасы шәкіртақысына ие болды

Елбасы қорының биылғы шәкіртақы иегерлері марапатталды. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл байқауға еліміздің 20 жоғары оқу орнынан 104 талапкер қатысты.

Елбасы шәкіртақысына ие болдыОзып шыққан отыз талапкер алдағы уақытта қосымша шәкіртақы алып отырмақ. Сондай жас ғалымдардың бірі – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студенті Асхат Жұмабеков. Бұған дейін экология мамандығының ең үздік студенті Андрей Торопов аталмыш қордың шәкіртақысына екі жыл қатарынан иеленген болатын.

Ал биыл осы марапатқа ие болған Асхат сабақтан тыс уақытын ғылыми-зерттеуге жұмсаған. Жас студенттің зерттеу жұмыстары қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие. Ол жас болса да патенттелген 15 ғылыми жұмыстың авторы болып табылады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button