Оқиғалар

«ЕЛБАСЫ» ерекше үлгіде жазылды

Семей қаласының орталық алаңында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі бірлескен мерекелік шара өткізді.

«ЕЛБАСЫ» ерекше үлгіде жазылдыШараға қатысқан жастар «ЕЛБАСЫ» деген алты әріпті бөліп алып аталмыш форманы құраумен қатар әр әріп аталған сайын тиісті әріптен басталатын әдемі тілектерін арнады. Айталық, «Е» – Елбасыны жастар қолдайды, «Л» – Лидер наций с молодежью, «Б» – Болашақ жастардың қолында, «А» – Алаштың арманын орындаған Елбасы жасасын, «С» – Семейдің жастары Елбасын қолдайды, «Ы» – Ынтымақтың кепілі – достығымыз мәңгілік болғай.

Әнұранмен басталған шараны 240 адамнан құралған топ «Қара жорға» биімен аяқтады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button