Жаңалықтар

Ел аумағында алғашқы адам бір миллион жыл бұрын пайда болған

Қазақстан аумағында алғашқы адам, шамамен, бір миллион жыл бұрын пайда болған.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі жөнінде тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Жәкен Таймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұған дейін қазақстандық археологтар қазіргі Қазақстан аумағын, шамамен, 350 мың жыл бұрын адам аяғы алғаш басқанын хабарлаған еді. Жәкен Таймағамбетов өзге де елдердің археологтарымен бірлесіп зерттеу жүргізіп, ежелгі адамдардың бұл аумақты әлдеқайда ерте мекендегенін дәлелдеп отыр.

– Қазақстанның төрт аймағынан (Қаратау жотасы, Маңғышлақ, Солтүстік Балқаш маңы және Мұғалжар) біз Африка аумағында табылған ежелгі құралдарға өте ұқсас тас еңбек құралдарын тауып, бұлардың барлығы миллион жыл бұрын пайда болған деген қорытындыға келдік. 510 мың жыл бұрынғы жалғыз тұрақ Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Бұл тұрақтан, тоғыз метр тереңдікте, мүйізтұмсық, бизон, түйеқұс жұмыртқасының қабығы және тас еңбек құралдары табылған, – деді Жәкен Таймағамбетов.

Осы айдарда

Back to top button