ЭКС-ШЕНЕУНІКТІҢ ЖЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Бұрынғы шенеуніктің Өскемендегі және Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы құны 4,8 млрд теңге болатын бірнеше жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Облыс прокуратурасының мәлімдеуінше, өңірде пайдаланылмай жатқан 36,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Өткен жылы прокурорлық қадағалау актілері негізінде кадастрлық құны 5,5 млрд теңге болатын жалпы ауданы 36,9 мың гектар 533 жер учаскесі мемлектке қайтарылған.
Мемлекет меншігіне өткен жерлердің ішінде облыстағы бұрынғы шенеунікке тиесілі болған Өскемендегі төрт жер учаскесі және Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы үш жер учаскесі бар. Бұл жерлер 10 жыл бойы пайдаланылмай келген. Жердің нарықтық құны – 4,8 млрд теңге.
Мемлекет иелігіне алынған учаскелер жерге зәру болып жүрген кәсіпкерлерге беріледі.
Жамал Ермен