ҚауіпсіздікҚылмыс
Абайлаңыз! Алаяқтар!
ШҚО-да әлеуметтік желілерде алаяқтар жаңа айлаға көшіпті.
Жеңіл жолмен ақша табуды ойлағандар әлеуметтік желіде өзін өңір басшысының көмекшісі немесе басқа да лауазымды тұлға ретінде таныстырады екен, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Олар кәсіпкерлер мен бизнес субъектілеріне мессенджер арқылы хабарласып, қайтарылатынын айтып, қаржылай көмек сұрайтын көрінеді.
Облыстқ әкімдікте лауазымды тұлғалар тарапынан мұндай іс-әрекеттердің болуы мүмкін емес екенін айтып отыр. Әлдекімдерден мұндай хабарлама келген жағдайда өте сақ болу қажет және дереу полицияға жүгінген абзал.