Заңсыздық

Әкімдік жер учаскелерін беру талаптарын сақтамаған

Айна Ескенқызы

Күршім ауданында жер учаскелерін беру бойынша конкурс өтетінін халық біле бермейді. Өйткені аудандық жер қатынастары бөлімі конкурс өтетіні туралы ақпаратты газетке жарияламаған. Осыған наразы болған күршімдік кәсіпкер облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған.

– Егер ондай хабарландыру жарияланбаса, құзыретті органдар тарапынан мүдделі тұлғаларға артықшылық беру түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі болуы мүмкін. «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» 7-тармағының 3-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік аумақта таратылатын мерзімді газеттерде конкурс өткізу туралы хабарлама жариялауы тиіс, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл департаментінде.

Кәсіпкердің өтінішін қараған департамент қызметкерлері аудан әкіміне кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу және бұдан әрі аудандық газетте жер учаскелерін беру туралы хабарландыруды міндетті түрде жариялауды қамтамасыз ету туралы хат жолдады.

Осы айдарда

Back to top button