Екі жүзден астам жас несие алады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін биыл елімізде жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылды.
Жуықта біздің облыста да «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы өтінімдерді қабылдау басталды. Биыл өңір жастарына 1 млрд 90 млн теңгеге 218 шағын несие беру қарастырылған дейді doskazaymov.kz.
Жеңілдетілген кредит беру шарттары мынадай: қарыз сомасы – 5 миллион теңгеге дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%. Қарыз мерзімі – мал шаруашылығын дамыту үшін 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін. Кепілмен қамтамасыз ету міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.
Өтінімдер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51 мекенжайында қабылданады.
Жастарға микрокредит беру бағдарламасының шарттары туралы толық ақпарат agrocredit.kz сайтында жарияланған және толық ақпаратты 87010061651 нөміріне хабарласып алуға болады.
Жамал Ермен