Жаңалықтар

Риддер қаласының әкімдігінде ата-аналар қауымымен кездесу өтіп жатыр

Осы сәтте Риддерде ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен “Шаңырақ” гимназиясының және №11 мектептің ата-аналар қауымы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтуде.

Бірте-бірте тараптар мәмілеге келуде. Дархан Сапанов мектептерді біріктіріп, балаларды екі ауысымда оқытуды ұсынды.

– №11 мектепте бір ауысымда 600 бала, яғни екі ауысымда 1200 бала оқи алады. Біз “Шаңырақ” мектебін зерттеп, күрделі жөндеуді бастаймыз. Оқушылар мен барлық педагогикалық құрамды №11 мектеп ғимаратына ауыстырамыз. Бұндай жүктеме жаңа ғимаратқа қолайлы. Сіздер, риддерліктер, қақаған қыста болған ЖЭО апатына төтеп бере алдыңыздар. Біз бірге балаларымыз үшін қалыпты жағдай жасауымыз керек екеніне сенімдімін. Біз бәріміз Қазақстанда тұрамыз, көпұлтты елміз және осы келісімді сақтауымыз керек, – деп атап өтті Дархан Сапанов.

Айтпақшы, кездесу тыныш жағдайда өтіп жатыр. Тараптар жағдайды одан әрі шешу бойынша сындарлы ұсыныстармен бөлісуде.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button