Тәуелсіздік - 30

Екі жүзге жуық мерекелік шара өтеді

Didar aқпарат

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстанда 200-ге жуық мерекелік шара өтеді. Бұл туралы аймақ басшысы ДаниалАхметов Орталық коммуникацияларқызметінде өткен брифинг кезінде мәлім етті.

Биыл шығысқазақстандықтар үшін тағы біратаулы мереке бар. Ағмдағы жылы Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай өтетін шаралар аз емес.

– Биылғы мерейтойлық жылда біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен егемендіктің отыз жылында қол жеткізген табыстарымыз бен жетістіктерімізді саралаймыз. Қазіргі болып жатқан қиындықтар, бүгінгі уақыттың сын-қатерлері еліміздің басты құндылығыұлтаралық достыққа, сенім мен келісімге көлеңкесін түсіре, – деді Даниал Ахметов. – Осы кезеңде Қазақстан маңызды оқиғаларды бастан өткерді. Басқа өңірлермен қатар Шығыс Қазақстан облысында ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды. Ең бастысы-халықтың өмір сүру сапасы жақсарды.

Тәуелсіздік жылдары жалпы өңірлік өнім көлемі 2,5 млрд теңгеден 5,2 трлн теңгеге дейін өсті. Жалпы өңірлік өнім жан басына шаққанда 1,5 мың теңгеден 3,8 млн теңгеге дейін өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 780 млн теңгеден 780 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал жұмыссыздық деңгейі 11 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендеді.

Осы айдарда

Back to top button