Қоғам

Екі жолдың құрылысы аяқталады

Азамат Темірбеков

Биыл жыл соңына дейін «Қаратал-Зайсан», «Зайсан-Қарабұлақ» бағытындағы екі жолдың құрылысын толық аяқтау тапсырылды.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, еліміздің Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыровпен өткен жиналыс негізінде «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалау тапсырылған көрінеді. Сол мақсатта Зайсан ауданы аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Тілемісов пен аудан әкімінің орынбасары Ринат Тауасаров және «Синь-Синь» компаниясына қарасты 9-шы базаның басшысы Янг Юепиннің қатысуымен құрылыс жұмыстарын тексеру жұмыстары жүргізілген.

Тексеру барысында бұған дейін айтылған біршама кемшіліктерді түзете отырып, жыл соңына дейін «Қаратал-Зайсан», «Зайсан-Қарабұлақ» бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарын аяқтау жоспарлары қаралды. Янг Юепин  асфальттау жұмыстары жанданғанын, жолдың асфальтталған бөлігін кезең-кезеңімен ашу қарастырылғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, аудан басшылығы аудандағы өзекті мәселелердің бірі – қысқы маусымға дайындықты да пысықтады. Бүгінде орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған елді мекендердің тұрғындары қатты отынмен қамтамасыз етілуі тиіс. Былтыр  «Сайқан» мекемесінде туындаған әртүрлі мәселелерге байланысты көмір сапасына халық тарапынан көптеген сұрақтар болған. Оның себебі қазу жұмыстарының кеш басталуымен байланысты болған.

Осы ретте аудан әкімдігінің өкілдері көмір кенішінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Қазіргі уақытта мұнда 25 мың тоннаға жуық көмір дайындалған. Қазу жұмыстарына үш экскаватор, екі БелАз жүк көлігі мен HOWO техникалары жұмылдырылған. Ендігі мәселе сол көмірді халыққа жеткізу. Осы ретте халық тарапынан қысқы маусымға даярлықты ерте бастау қажеттігін айтқан басшылық алдағы уақытта тасымалдаушылармен жиын өткізуді жоспарлап отыр.

Осы айдарда

Back to top button