Қоғам

ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖАЛАҚЫ – РИДДЕРДЕ

2019 жылғы III тоқсанда облыс бойынша  бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 159,1 мың теңгені құрап, 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17,1%-ға артқан.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтеріндегі қызметкерлерде – 228,4 мың теңге, бұл орташа облыстық деңгейден 43,6%-ға жоғары,  өнеркәсіпте – 220,9 мың теңге (38,9%-ға), қаржылық және сақтандыру қызметінде – 203,8 мың теңге (28,1%-ға), құрылыста – 194,6 мың теңге (22,3%) екендігі тіркелген.

Статистикалық зерттеулер төменгі жалақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерге- 100,3 мың теңгеден (облыс бойынша орташа шамадан 36,9%-ға төмен), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерге -108,4 мың теңгеден, өзге де қызмет түрлерін көрсететіндерге – 113,7 теңгеден, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсететін қызметкерлерге 116,1 теңгеден, өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлерге – 117,6 теңгеден  келеді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары жалақы Риддер қаласында – 190,6 теңгеден, Курчатовта – 188,3 мың теңгеден, Өскемен қаласында – 179,4 мың теңгеден және Аягөз ауданында – 176,9 мың теңгеден; ал ең төмен жалақы – Үржар, Тарбағатай, Абай аудандарында (облыс бойынша орташа деңгейден 33-36%-ға төмен) қалыптасқан. Қалған өңірлерде жалақы мөлшері 112-161 мың теңге аралығында.

2019 жылғы III тоқсанда облыс бойынша орташа айлық жалақы республикалық көрсеткіштен 16,8%-ға төмен қалыптасқан.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button