Сұраңыз

Дәрігерлік кеңестер неге мемлекеттік тілде өткізілмейді?

Дәрігерлік кеңестер неге мемлекеттік тілде өткізілмейді?

– Аягөз ауданындағы аудандық ауруханада дәрігерлік кеңестер үнемі орыс тілінде өтеді, мемлекеттік тілде неге өткізілмейді? Медицина саласындағы ісқағаздар неге мемлекеттік тілде жүргізілмейді? Бұл туралы бұған дейін де бірнеше рет көтерген едік. Кемшіліктер қашанға дейін созылмақ?
Әділ Мұстафа
Аягөз ауданы.
Сауалға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдын Шаймарданов жауап береді:
– Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тілге жауапты маманы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаровтың қабылдауында болдым. Аурухананың барлық іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілетінін және дәрігерлік кеңестердің мемлекеттік тілде өтетінін хабарлады.
Сонымен қатар, Аягөз аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ш.Омаров газетке сауал жолдаған оқырман Әділ Мұстафамен жүзбе-жүз кездесіп, оны толғандырып жүрген мәселеге жауап беруге және аурухананың ісқағаздарын көрсетуге әзір екендігін айтып отыр.

Әзірлеген – Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button