Мәдениет

Достық монументінің алдында флэш моб өтті

Достық монументінің алдында флэш моб өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы қарсаңында Өскемендегі Достық стелласының алдында түрлі мәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдасуымен флэш моб өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бүкіл еліміз бойынша жаппай ашылу салтанаты 6-ақпанда өтеді. Соған байланысты өтіп жатқан флэш мобқа қатысқан ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, қолдарына көк туларын алып, бір шаңырақ астында береке-бірлікте өмір сүріп жатқандарын насихаттады.
– Елбасы Ассамблеяның XXI сессиясында 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Қазақстанда, оның ішінде біздің облыста тұрып жатқан ұлттар бір-бірімен тату-тәтті. Бүгінгі өткізіп отырған іс-шарамыздың да мақсаты – қоғамдық тұрақтылық пен бейбітшілікті халыққа жеткізу, – деді Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев.
Басталған акция ақпанның алтысына дейін созылады. Осы уақыт аралығында күнделікті Қазақстан Ассамблеясы жылына арналған лекциялар, конференциялар, концерттер, қайырымдылық іс-шаралары өтіп тұратын болады.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button