Спорт

Доп додасы қашан басталады?

Семейдің «Алтайы» өнер көрсететін футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 1 тамызда басталады.

Еліміздің футбол федерациясы мен республикалық кәсіпқой футбол лигасы жарыстарды қайта жалғастыру жөнінде келісімге келді.

Оған сәйкес, бірінші және екінші лига командалары арасындағы біріншіліктер, сондай-ақ Қазақстан кубогы үшін жарыс 1 тамызда басталуы тиіс. Ал элиталық дивизион, яғни Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионаты бір ай бұрын басталмақ. Бұған ҚФФ, ҚКФЛ мен Мәдениет және спорт министрлігі келісімін беріпті.

Еске салайық, биылғы Премьер-лига жарысының алғашқы екі туры наурыз айында ойналған болатын. Алайда елімізде коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты чемпионаттың қалған ойындары кейінге шегерілген-ді.

Айта кетейік, ойындардың барлығы көрерменсіз өтпек. Турнирдің жаңа күнтізбесін pflk.kz сайтынан көруге болады.

Сәрсен Қабылым

 

Осы айдарда

Back to top button