Білім

Диссертация және дипломдық жұмыстар сатылатыны рас  па?

Қазақстанда ғалым көп болғанымен ғылыми мақала аз. Оған себеп «докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялардың Google арқылы сатылуы», – дейді сенат депутаты. Бұл  қатарға дипломдық, курстық жұмыстарды да қосып қоюға болады. Бұның рас-өтірігін жауапты адамдардан сұрасаңыз айтпауы мүмкін, ал Google-дан сұрасаңыз бәрін айтады.

Сенат депутаты Сәуле Айтпабаева Білім және ғылым министрлігінің өкіліне сауалды төтесінен қойды.

– Интернетке кірі «докторлық немесе кандидаттық диссертацияны сатып алу» деп теріп қалып едім, 46 секундттың 3300 нәтиже шыға келді. Zakaz-kz сайтының ішінде тіпті «уақытыңызды үнемдеп, керекті диссертацияны аласыз, оны біліктілігі жоғары мамандар жазады» деп, бағасына дейін көрсетілген. Бұл бағытта плагиат көбейіп, сапа төмендеп кетті. Ал Қазақстанның ғылымы туралы мақала интернетте өте аз. Осыны қалай шектейміз?», – деп сұрады депутат Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қариновадан.

Ал жауапты министрлік өкілі бұл мәселемен күресіп жатқандықтарын жеткізді. Күресі қаншалықты нәтижелі боларын бір Google ғана біледі.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button