Мәдениет

«Дидарға» жаппай жазыламыз деп отыр

 «Дидарға» жаппай жазыламыз деп отыр
Облыстық «Дидар» газетінің ұжымы жылдағы қалыптасқан игі дәстүр бойынша аудандарға шығып, оқырмандарымен жүздесуді бастап кетті. Алғашқы кездесу Аягөзде ұйымдастырылды.
Құрамында облыстық басылымның жауапты хатшысы Тілеукен Әлжекеев, қоғамдық-саяси бөлім тілшісі Дәурен Аллабергенұлы, Аягөз ауданы бойынша меншікті тілшісі Берікхан Тайжігіт бар топ алдымен Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде ұстаздармен, студенттермен еркін сұхбат құрды. Тілеукен Тілеубердіұлы облыстық басылым туралы молынан ақпарат беріп, газеттің шығу процесіне, Д2 жаңа форматына, соңғы уақытта енгізілген өзгерістерге тоқталды. «Дидар» газеті кіретін «Шығыс ақпарат» медиахолдингінен ұстаздарға арналған «Педагогикалық ой» журналы, облыстық «Алтай нюьс» сайты, «Дидардың» электронды нұсқасы туралы ақпараттарды жиналғандар назарына ұсынып, газет редакциясымен тығыз байланыс орнатуға, жаңа жобаларға, сайттың жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Колледж директоры Берікжан Дүйсеғұлов жұмысшы мамандықтарына балалар аз кеп жатқандықтан, оларды жинауға газет арқылы ақпараттық қолдау болса деген тілегін білдірді. Ал алдағы жарты жылдыққа ұжым толық жазылатынын айтты. Ал арнайы пәндер оқытушысы Дария Тұмабаева «Дидардағы» танымдық дүниелерді қызыға оқитынын білдіріп, алда жас ата-аналарға балалар күтімі туралы ақыл-кеңестер, ақпараттар берсеңіздер деді.
Мұнан кейінгі кездесу Мамырсу ауылдық округіндегі 150 жылдық тарихы бар Сабыржан Ғаббасов атындағы мектепте ауыл тұрғындарымен жалғасты. Ауылдық округ әкімі Архат Ибрайшин ауыл тұрғындары жыл сайын «Дидармен» тұрақты дидарласып отыратынын айта келе, биыл да жоспарды артығымен орындап шығуға уәде етті. Дәл осындай оқырмандармен жүздесулер аудан орталығындағы «Локомотив пайдалану депосы» теміржолшылар ұжымымен, бірқатар шаруа қожалықтары өкілдерімен жалғасын тапты. Олардың бәрінде де облыстық «Дидар» газетінің шығармашылық бағыты туралы әңгіме өрбітіліп, аягөздіктер облыстық басылымға жаппай жазылатындықтарын жеткізді. Ақпараттық топ Шалқар Жүнісұлы басқаратын аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен, сондай-ақ Шыңғожа батыр ауылының оқырмандарымен де жүздесіп қайтты.
 «Дидарға» жаппай жазыламыз деп отыр
Үржар ауданына ат басын тіреген «Дидар» газетінің зқызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Шапағат» орталығында болып, олардың шығармашылығымен танысты. Мұндағы ұжым облыстық газетті бір адамдай жаздырып отырғандарын жеткізді. Мақаншы ауылы Қытай елімен шекаралас болғандықтан, 2086 әскери бөлімінде болған «дидарлықтар» офицерлер мен сарбаздар құрамымен кездесті.Әскери бөлім басшысы Әлихан Аштаев облыстық «Дидар» газетіне құрам сарбаздары үзбей жазылып тұратындығын айтты.

\”Дидар\”-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button