Заң талабы
Демалыс күндері 1500-ге жуық жол жүру ережесі бұзылған – ШҚО
4 күнге созылған демалыста заң бұзғандар саны артқан.
Облыстық полиция департаменті жол қозғалысы бойынша ең көп орын алған жол ережелерін бұзу туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Ұзаққа созылған өткен мейрамкүндері облыстың 1500-ге жуық тұрғыны заң бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, -деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Заң бұзғандар арасында 200-ге жуық жаяу адам жол қозғалысы ережелерін сақтамаған. Жүргізушілер арасында 212 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған. 42 адам рөлде телефонмен сөйлескен. Ал 8 адам қарсы қозғалыс жолағына шықса, 12 адам мас күйінде көлікті тізгіндеген.
Ынтымақ Толқын