Мәдениет

ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМ ЖОҚ

ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМ ЖОҚ
Облыс кәсіпкерлері палатасында өткен кездесуге келгендер туризм дамуына кедергі болып отырған бірінші кезектегі мәселелерді: туризм саласындағы мамандар тапшылығы, нысандарға баратын жолдың нашарлығы, жол бойындағы сервистік қызмет көрсетудің төмендігі мәселелерін шешу керектігін көтерді.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий, Шығыс Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры Серік Жүнісов, туристік операторлар, демалыс аймақтарының иелері қатысқан жиында кәсіпкерлер демалыс аймақтарында жұмыс істейтін адам жоқ екенін айтып жиналғандарды таңғалдырды.
– Қазіргі таңда бұл олқылықтарды реттеуге мүмкіндік бар. Егер кәсіпкерлер өз демалыс аймақтарында мамандарды даярлау бойынша оқу орталықтарын ашса, онда оқыту бойынша шығындар өтеледі. Бұған қоса қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына түзетулер енгізіліп жатыр. Осыған байланысты өңірдің туризм саласын дамыту бойынша өз ұсыныстарымызды беруді көздеп отрымыз, – деді Игорь Шацкий.
Оның айтуынша, басқа да бірқатар түйткілдер бар. Мәселен, туристік базалардың иелері бейтараптанып, өз беттерімен жұмыс істейді, әркім клиенттерді өзіне тартқысы келеді. Осындай жағдайды болдырмау үшін турбазалар иелері кооперация құрып, туроператорлармен бірігіп туристерге арналған тартымды туристік маршруттарды ойластырған жөн. Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан осы жұмыстың үйлестірушісі болуға: сұраныс мониторингін жүргізуге, сонымен қатар кәсіпкерлерге маркетингтік стратегияны дамытуға көмектесуге дайын.
Кездесу барысында туристік саланың күрмеулі мәселелеріне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, шешіліп жатқаны да айтылды.
«Осы жыл туризм үшін ерекше жыл болып отыр, өйткені қазіргі күні салаға аса қажетті екі құжат қабылдану үстінде. Біріншісі- елімізде туризмды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама. Енді ұзақмерзімді несиелеу, субсидиялау, салықтан, баждан босату, табиғи грант ретінде жерді бөлу, туроператорларға арнап банк кепілдіктерін әртараптандыруға қатысты мәселелер шешіледі. Сонымен қатар бұдан былай қолөнершілерге қолдау көрсетіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша қолөнершілерге арнап 3 млн. теңгеден 1000 грант және қонақ қабылдау үйлерін ашуға 1000 грант бөлінген. Жалпы 3,3 трлн. теңге, оның ішінде 2 трлн. бюджеттен тыс қаражат болса, 1 трлн. теңге бюджет қаражаты бөлініп отыр, – дейді Серік Жүнісов. Оның айтуынша қауымдастық жоғарыдағы мәселелерге қатысты тиісті заңдарға, нормативті-құқықтық актілерге, кодекстерге, стратегияларға 40-там астам ұсыныс енгізген. Қазіргі таңда құжат мақұлдауға жіберілген. Осы екі құжат туризм дамуына түрткі болып, туризм саласындағы бизнесмендердің жүйелі мәселелерін шешуге жол ашпақ.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button