Қоғам

Мамандар қайта даярланып жатыр

Әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар аудан аумағында кеңінен жүргізілуде. Аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С.Семенованыңайтуынша, 2012 жылдың басында 238 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 67 адамға немесе 21,9 пайызға азайған екен.

Мамандар қайта даярланып жатырӨткен бір жылда 829 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспар 2,6 есеге артық орындалған.

Күнкөріс деңгейі төмен отбасыларын-дағы 18 жасқа дейінгі 5957 балаға 79 млн.

792 7 мың теңгенің жәрдемақысы тағайын-далған. Ал аз қамтылған 912 адамға 8 млн. 210 0 мың теңгеге көмек берілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көмек алушылар саны 22 отбасыға азайды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты – мамандар даярлау. Бұл бағытта мемлекеттік тапсырыс негізінде аудан бойынша облыстың Семей және Өскемен қалаларындағы арнаулы оқу орындарында 110 адамды оқыту жоспарланып, мақсат орындалды.

Таскескен ауылындағы № 18 кәсіптік лицей мен Үржар ауылындағы «САН» ЖШС-де 135 адам қайта даярлаудан өтіп, соның ішінде 119-ы жұмысқа орналасты. Біліктілікті арттыру курстарын 38 адам тартылып, олардың 29-ы жұмысқа кірісті.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға ауданға республикалық бюджеттен 13 млн. 425 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауданға 55,5 млн. теңге бөлініп, кәсіпкерлікті дамытамын деген азаматтарға шағын несие беру көзделген. Бұл бағытта 24 жоба іріктеліп, соның ішінде 6 наубайхана ашу, 12 мал шаруашылығын дамыту, 2 тұрмыстық қызмет көрсету, сол секілді туризмді өркендету, омарта, қоян және құс шаруашылығын ұйымдастыруға бір-бір жобадан қарастырылып отыр.

Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button