Қоғам

Дауылпаз ақын Дулатты дәріптеді

Ұлылар шығармашылығы мен ғұмырнамасын ұрпаққа дәріптеу баяғыдан келе жатқан дәстүрлі үрдіс. Сол бір дәстүрлі үрдісті аягөздік  музей қызметкерлері жалғап, оқушыларға Дулат Бабатайұлының рухани мұрасын насихаттады.

Биыл Аягөз ауданының тумасы, дауылпаз ақын Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл толып отыр. Дауылпаз ақын–   өз заманында елдіктің, ерліктің жаршысы болған тұғырлы тұлға. Екі ғасыр өтсе де есімін ел ұмыт қалдырған жоқ. Ақынның мерейтойына орай Дулат мұрасын жас ұрпаққа таныту және насихаттау мақсатында Семей қаласы тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында «Дулаттың асыл мұрасы» атты тақырыптық дәріс өтті. Рухани шараға қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары мен жетекшілері қатысты. Дәріс барысында оқушылар Дулат Бабатайұлының ойы бар оқырманның санасын сілкіп, намысын оятар оттылығымен, толғанысының кемелдігімен, тебіренісінің тереңдігімен ерекшеленетін шығармашылығымен танысып, ақынның өмір жолын баяндайтын бейнероликті тамашалады. Ақын шығармашылығынан шөл қандырған оқушылар «Ұлылар мекені – Аягөз» атты музейдің экспозициялық бөліміндегі экскурсиямен танысып, өткеннің өрнегіне саяхат жасап қайтты.

 Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button