Оқиғалар

Дауыл мектептердің шатырын жұлып әкетті

Қатты соққан дауылдың салдарынан облыс аумағындағы бірқатар білім беру мекемелерінің шатырлары қирады. Абырой болғанда жапа шеккен адамдар жоқ.

Дауыл мектептердің шатырын жұлып әкеттіТөтенше жағдайлар қызметі таратқан мәліметтерге сенсек, секундына 25 метр жылдамдықпен соққан дүлей боран Семей қаласындағы №42 орта мектептің және индустриялды-техникалық колледждің төбе жабынының жартысын жұлып кеткен. Сол сияқты табиғи апаттан Шақаман, Знаменка, Жарқын және Прииртышское елді мекендеріндегі білім ошақтары зардап шеккен көрінеді.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, адам шығыны болмаған. Қазір оқиға орнында комиссия мүшелері келтірілген шығынды есептеуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button