Білім

Дарынды балаларды қалай анықтаймыз?

Өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында «Облыс қалалары мен аудандарындағы дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқу-семинары өтті.

Дарынды балаларды қалай анықтаймыз?Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген бұл семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бекітілген әдіскерлері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің өкілдері, мектеп директорларының орынбасарлары және мұғалімдер қатысты.

Басқосуда «Дарын» орталығының директоры Жанат Айтпаева мен орталық қызметкерлері қаралып отырған мәселенің маңызды аспектілерін атап өтсе, жиналғандарға әдістемелік ұсынымдар беріліп, мониторингтік жұмыстардың қажеттілігіне назар аударылды.

Семинарды қорытындылау барысында Шәкерім атындағы (Семей) үш тілде оқытатын мектеп пен №37 орта мектеп директорларының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары шараның өзектілігін, мазмұндылығын атап өтті. Сондай-ақ, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғары жетістіктерге жеткен шығармашыл мұғалімдер мен әдіскерлерге грамоталар тапсырылып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button