ЖаңалықтарТОП

Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды

Осы лауазымда 9 жыл бойы қызмет атқарған еді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриялық институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.

1976-1981 жж. – «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;

1981–1983 жж. – Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жж. – «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жж. – Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жж. – «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» тресінің басқарушысы;

1992-1993 жж. – Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

21.11.2001-13.06.2003 жж. – Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жж. – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жж. – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы;

2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі.

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған еді. Ол осы лауазымда 9 жыл бойы қызмет атқарды.

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button