Экономика

«ДАМУ» кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

«ДАМУ» кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен «Даму» қорының өкілдері Бауыржан Юсупов пен Анжела Маслова кәсіпкерлерге ашық есік күнін өткізді.

Қалада өткен жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылған. Мұнда 5 кеңес беруші маман – бухгалтерлік есептеу, экономика, құқықтық саласы, сонымен бірге, жобаны қолға алған сәттен бастап екінші дәрежелі банктен қажетті қаражатты алғанға дейін жолсерік болатын коучер-кеңесшілер жұмыс істейді.
«Даму» қоры өкілінің айтуынша, шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламаларын кеңірек насихаттау.

Негізінен, бұл бағдарламаларға шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады. Оларға екінші дәрежелі банк арқылы өндірісті жаңарту, жаңа құрылғылар алу мақсаттарында несие беріледі. Еліміз бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға 100 миллиард теңге бөлінген. Бауыржан Юсуповтың айтуынша, қазірдің өзінде «Даму-Өндіріс ІІ» бағдарламасы бойынша 8 жоба тіркелсе, тағы 15-і банктің қарауында тұр.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button