Қоғам

Дала өрті жиілеп кетті

Шығыста күн жылына салысымен, өрт оқиғалары жиілеп кетті. Бұл әсіресе дала өртінің өршитін шағы. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бірнеше күннің ішінде жергілікті өрт сөндірушілер 11 қызыл жалынды ауыздықтауға қатысқан.

Белгілі болғандай, сөндірілген өрттің жалпы ауданы үш гектардан асыпты.

– Облыстық ТЖД өрт қаупі жоғары кезеңде негізінен ғарыштық мониторинг қызметіне жүгінеді. Әуеден бақылау барысында тіркелген жылу нүктелері жедел пысықталып, өрттің таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар қабылданады, – деп жазады дереккөзі.

Мамандар әсіресе шөп өртеуге, орманда от жағуға, көлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылын лақтыруға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ саяжайлар аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақыруда. Бұл үшін департамент қызметкерлері саяжай кооперативтерін аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал тәртіпке бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Департамент таратқан ақпаратқа сенсек, қауіпсіздік талаптарын сақтамағандар бес пен екі мың айлық есептік көрсеткіш аралығында айыппұл арқалап, екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ мамандар өрт оқиғасының куәсі болған жағдайда дереу «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалу керектігін еске салады.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button