Спорт

Дәурен соққан екі гол Венгрияға жол ашты

Берікхан Тайжігіт

Бұл күндері елімізде шағын футболдан «Евро-22» чемпионатына қатысу үшін іріктеу жарыстары өтіп жатыр. Қазақстан құрама командасы жуырда Минск қаласында Белорусь құрама командасын 6:1 есебімен жеңіп, келесі турнирге жолдама алды.

Қазақстан құрама командасының сапында Аягөз спорт мектебінің түлектері Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Болат Сарбасов ойнады. Жуықта Дәурен Тұрсағұлов соққан екі гол Венгрияға жол ашты.

Жалпы, шағын футболдан еліміздің құрама командасы сапында аягөздік спортшылар жақсы ойын өрнегін көрстіп жүр. Мәселен, құрамында Аягөз спорт мектебінің бірнеше футболшылары ойнайтын құрама команда енді 6 сәуір күні Венгрия мемлекетінде, Венгрия құрама командасымен кезекті кездесуін өткізеді.                                                                           

 

 

Осы айдарда

Back to top button